preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданында «Адамзаттың асылы – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті

Ұйғыр ауданында «Адамзаттың асылы – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті

Алматы облысы, Ұйғыр ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабына негізделген жамағат арасындағы білім сайысы өз мәресіне жетті. Қасиетті Мәуліт кешімен ұштасқан марапаттау рәсімі үлкен тағылымды шараға айналды.

Жарыстың бас жүлдесін иеленген Жарқынбеков Медет Серікұлы Мекке мен Мәдина қаласына кіші қажылық жолдамасына ие болды.

II орын – Шарын ауылының тұрғыны Айнабеков Самат Алмабекұлына бұйырды.

III орын – Долайты ауылының қатысушысы Қадыров Адым пен  Рақышев Данияр Қалмақбайұлы иеленді. Олар Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында орналасқан «Орда Сығанақ» шипажайына жолдамаға ие болды

Шара барысында Мәуліт мерекесінің мән-маңызы дәріптеліп, Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірінен тағылымды деректер айтылды. Сондай-ақ қарилар Мәулітті қазақ және араб тілдерінде оқып, жиналған жамағатқа ерекше рухани әсер сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар жамағаттың білімін арттырып қана қоймай, бірлік пен бауырмалдықты нығайта түседі.