Ұйғыр ауданында имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті
«Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында Ұйғыр ауданының имамдарына арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Шараға аудандық имамдармен қатар ауыл имамдары және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша бас имамы қатысты.
Семинар барысында діни қызметкерлердің білімін жетілдіру, қоғамдағы имамдардың рөлі мен жауапкершілігі, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселелері кеңінен талқыланды.
Алматы облысының өкіл имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы семинарға арнайы қатысып, имамдардың кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Ол дін қызметкерлерінің халықпен тығыз байланыста болып, бірлік пен татулықты сақтаудағы жауапкершілігін атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, алдағы ортақ жоспарларымен бөлісті.



