Ұйғыр ауданында жасөспірімдер арасында жарапазан айту сайысы өтті
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шошанай ауылындағы «Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы» мешітінде жасөспірімдер арасында ұлттық дәстүрімізді дәріптеген жарапазан айту сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі шара барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, халқымыздың бай мұрасын жаңғыртып, рухани құндылықтарды насихаттады. Әрбір жас өнерпаздың жүрекпен айтқан жарапазаны көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық рухты асқақтатты.
Сайыс барысында қатысушылардың өнері әділ бағаланып, барлық балаларға «Рамазан тәттілері» таратылды. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған Әмір Дүисенәліұлы 15 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақты ұлттық дәстүрге баулып, имандылық пен тәрбиенің негізін нығайта түседі.



