preloader

Жаңалықтар

ҰМРА КІШІ ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

ҰМРА КІШІ ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы облысы Іле ауданы “Сманқұл” мешіті жанында салынып жатқан “Қарилық орталық”-та кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесуге облыстың наиб имамы Сакен Еншібайұлы қатысып, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізді. Қарилар орталығының құрылысына атсалысып жүрген кәсіпкер аға-бауырларға дастархан жайылып, насихат айтылды. Жасап жатқан ізгі істеріне ризашылығын білдіріп, облыс имамының алғыс хатын табыстады.  Отырыс барысында осы орталықтың құрлысын жасап жатқан Бекқожа Айтқожаұлына демеушілердің көмегімен тосын сый ретінде ҰМРА кіші қажылыққа жолдама табысталды.