preloader

Жаңалықтар

“Уақып садақасы – екі дүниенің бақыты” атты семинар өтті

“Уақып садақасы – екі дүниенің бақыты” атты семинар өтті

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Иманберлинов Нұртай Талғар ауданына іс-сапармен барып, ҚМДБ-ның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жамағатқа арналған “Уақып садақасы – екі дүниенің бақыты” атты семинар өткізді.

Жиынды Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы ашып, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Нұртай Абдрахманұлы уақыптың шариғаттағы орны, «Қазақ Құран баспасы» жобасының мазмұны жайлы тарқата айтып, уақып садақасының – екі дүние жақсылығы мен мәңгілік сауапқа бастайтын есік екенін атап өтті. Сонымен қатар қордың негізгі жұмыс бағыттары жайлы кеңінен таныстырды.

Семинар соңында ел игілігі мен руханияттың өркендеуі үшін дұға жасалды.