«ЯСИН, РАХМАН,ӘЛ-УАҚИҒА” СҮРЕЛЕРІН ЖАТҚА ОҚУДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Жамбыл ауданы “Шынасыл” мешітінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Алматы облысы өкілдігі әйел-қыздар секторы ұйымдастырған «Ясин, Рахман,Әл-Уақиға”сүрелерін жатқа оқудан Республикалық Құран жарысы— өткізілді. Алланың кәләмі болған қасиетті Құран кәрім аяттарын тәпсірімен мәнерлеп жатқа оқудан өткен жарысқа 25-50 жас аралығы шәкірттер қатысты.
Шара мақсаты — шәкірттерді және мешітіміздің жамағатын Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірі арқылы мейірімділікке, сыйластыққа, мұсылмандыққа тән қасиеттерді қалыптастыру.
Байқауға Республикамыз бойынша барлық қалалардан қатысушылар келіп «Шынасыл» мешітінің, шәкірттері және облыстың, ауданынан келген шәкірттер қатысты, барлығы 200 адам қатысты.
Байқау Ясин, Рахман, Ал-Уақиға сүрелерін жатқа оқу шартынан тұрды.
Құрамында Жетісу облысы, Әйел-қыздар секторы меңгерушісі Динара ұстаз, Астана қаласы ҚМДБ-ның Әйел -қыздар секторы жетекшісі Динара ұстаз, Алматы қаласы Әйел-қыздар секторы жетекшісі Гүлмира ұстаз, Алматы облысы , Әйел-қыздар секторы меңгерушісі психолог Назерке ұстаз. Алматы облысы , Жамбыл ауданының “Шынасыл” мешітінің бас имамы Тойчибаев Бахыт имам сынды имам-ұстаздар енген қазылар төрағалық етіп, бірінші орынға Умра жолдама берілді.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды.