preloader

Жаңалықтар

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ТІГІН КУРСЫ АШЫЛДЫ

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ТІГІН КУРСЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылында қайырымдылық бағытындағы «Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды.

Игі шараның ашылуына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы арнайы қатысып, кәсіп үйретуге бағытталған бастамаға қолдау білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

Жобаның негізгі мақсаты – тігін өнерін үйренуге ниетті жандарға кәсіп меңгеруге мүмкіндік жасап, олардың адал еңбек арқылы табыс табуына және отбасының әл-ауқатын арттыруына қолдау көрсету.

Алдағы уақытта тігін курсы көптеген жанның жаңа кәсіп игеруіне, өз ісін бастауына және тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне себеп болады деп күтілуде.

Игі бастама берекелі болып, ел игілігіне қызмет етсін!