ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жамбыл ауданындағы ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді.
ҚМДБ «Әйел- қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы, Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Точибаев, Жамбыл ауданының ұстаздары Омарбекова Роза, Сумбілшаш Жомартованың ұйымдастыруымен Алматы облысы бойынша аналарымызға дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты орамалдың қадір – қасиетін дәріптеу болды. Шараға Алматы облысы бойынша “Аналар алқасы” мүшелері: Кемелбекова Күміс Пармашқызы, Дәулетова Тоташ Бақтығалиқызы қатысты.
Ақ жаулықты аналарға сыйлықтар таратылып, дастархан жайылды.