preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: Ауқымды спорт шарасы өтті

Жамбыл ауданы: Ауқымды спорт шарасы өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облысына қарасты Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бастамасымен ауқымды спорт шарасы ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Бақыт Абдиисламұлы және Қарғалы ауылдық «Сәт» мешітінің имамы Сейтқали Серік-қажы Есімбекұлы ағамыз жарысқа қатысушыларды рухтандырып, сәттілік тіледі.

Садақ ату, арқан тартыс және футбол сияқты 3 спорт түрін қамтыған ауқымды шараға аудан мешіттерінен 14 команда қатысты.

Дін қызметкерлерінің және жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және бауырмалдық қатынастарын күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асқан жарыстың нәтижесі төмендегідей:

Садақ ату: І орын – Қасымбек ауылы, ІІ орын – Көкдала ауылы, ІІІ орын – Қасымбек ауылы;

Арқан тартыс: І орын – Қасымбек ауылы, ІІ орын – Қарғалы ауылдық «Сәт» мешіті, ІІІ орын – Үңгіртас ауылы;

Футбол: І орын – Қасымбек ауылы, ІІ орын – Мыңбаев ауылы, ІІІ орын – Ұзынағаш 2 ауылы «Алтын сақа» мешіті.

Жүлделі орын иегерлеріне арнайы кубоктар, медальдар және қаржылай сертификаттар табыс етілді.