preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» БАҒЫТЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» БАҒЫТЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Жамбыл ауданында имамдарға “Дін мен Дәстүр” бағыты бойынша семинар өтті.

Оған өңірге қарасты барлық ауыл, ауданның бас имамы қатысты. Бас қосу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Жиында Жамбыл ауданы бойынша бас имамы Бақыт Абдиисламұлы сөз алды. Ол 2025 жылдың «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғанын атап өтті. Сондай ақ, отбасылық тәрбиенің, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Одан бөлек, шарада сөз алған Сәт мешітінің имамы Ыбытаев Сейтқали: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін», – деді.