ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Семинарға ҚМДБ әйел- қыздар сектор меңгерушісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы, Алматы қаласының әйел- қыздар сектор жетекшісі Гулмира Лесбайқызы, Алматы облысы әйел- қыздар сектор жетекшісі Назерке Әкішқызы қатысты.
Семинардың ерекшелігі: отбасын құрмаған 17-20 жас аралығында қыздар, отбасылы аналар, отбасы мектебін түсіндіретін ұстаздар қатысты.
Динара Құтқожақызы жамағатқа ыстық лебізін білдіріп, отбасы құндылықтарын толық ашып берді.
Гулмира Лесбайқызы өз тарапынан жас буынға насихат айтса, Назерке Әкішқызы ұстаздарға насихат айтты.
Сонымен қатар облыстың “Әжелер алқасы” салт- дәстүр құндылықтарын көрсетіп кетті. Соның ішінде: қазіргі кездегі шымылдықтың ақ келін түскен үйге ар – ұят нәзіктігіне көрсететін салтымыз екеніне тоқталып кетті.
Жамбыл ауданында Жамбыл атамыздың тарихи өміріне жол тартпай кету мүмкін емес екенін қонақтарға жеткізу мақсатында, Жамбыл Жабаев музейіне экскурсия жасалды.