preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: «Қош келдің, Рамазан» атты рухани шара өтті

Жамбыл ауданы: «Қош келдің, Рамазан» атты рухани шара өтті

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты «Ұзынағаш» мешітінде «Қош келдің, Рамазан» атты рухани танымдық семинар өтті.

Семинарды ұйымдастырушы Айдаулет Айманкүл ұстаз шараны Құран аяттарымен ашып, қонақтарға сөз берді.

Жамбыл ауданы бойынша Әйел-қыздар секторы бойынша жауапты маманы Омарбекова Роза көпшілікке Рамазан айына қатысты насихат айтты.

Өз кезегінде рухани шара қонақтары Мүнәйім Арынқызы және өңіріміз бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы жамағатты келе жатқан Рамазан айымен құттықтады.

Семинар барысында шәкірттер қойылымдар қойып, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Бұдан бөлек, Құранға түскен шәкірттерге сертификаттар табыс етілді.