preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: Құран хатым дұғасы бағышталды

Жамбыл ауданы: Құран хатым дұғасы бағышталды

Алматы облысына қарасты Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің дін қызметкерлері мен жамағаты Құран хатым дұғасын жасады.

Құлшылық үйінде әр айда қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді толығымен оқып шығу үрдісі жолға қойылған еді.

Құран кезекті рет толық хатым етілгеннен кейін, имамдар көпшілікпен бірге жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.