preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ШЫНАСЫЛ МЕШІТІНДЕ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ШЫНАСЫЛ МЕШІТІНДЕ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде «Уықты басқұр ұстай­ды, халықты дәстүр ұстайды»  тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға өңір бойынша 20 имам қатысты. Шарада ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен мақал-мәтелдерін ислам дінімен тығыз байланыста екендігі баса айтылды. Өз кезегімен сөз алған Жамбыл ауданы бойынша төрт бағыттың бірі болған Дін Дәстүр бағытының жауапты өкілі Қадайұлы Әділ имам Ислам қағидалары мен Қазақи дәстүрдің мәнісінің бір екендігін, әрі ата-бабаларымыздың  Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннет амалын бойымызға сіңіріп тастағанын қуанышпен айтуға болады.