preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: Жамағат арасында білім сайысы өтті

Жамбыл ауданы: Жамағат арасында білім сайысы өтті

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында білім сайысы ұйымдастырылды.

Жамағаттың діни сауатын арттырып, білімін шыңдау мақсатында жүзеге асқан білім додасында бес топ бақ сынады. Атап айтқанда «Шынасыл» мешітінен «Райян» және «Сұңқар», «Uzunagash» және «Ұзынағаш-1» мешіттерінің атынан «Ихсан», Қасымбек ауылдық мешіті және Жаңақұрылыс ауылдық «Айқым ата» мешітінен «Алғыр», сондай-ақ «Ұзынағаш-2» мешітінен «Иман» атты топтар қатысты. 

Білім сайысы төрт кезеңнен тұрды. Тартысты өткен білім сайысының нәтижесінде І орынды «Алғыр» тобы иеленсе, ІІ орын «Иман» тобына, ал ІІІ орын «Райян» тобына бұйырды.

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша Діни оқу-ағарту бағытына жауапты қызметкер Сәкен Еншібайұлы жүлделі орын иегерлерін құттықтап, ақшалай сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.