ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТАЙ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
“Ислам және Отбасы құндылығы” жылы аясында Жамбыл ауданы, Бесмойнақ ауылында жасөспірімдер арасында Тай жарысы өтті.
ҚМДБ-ның “Дін мен дәстүр” бағыты ұлттық спорт, сүннетке сайыс спортты жамағат арасында насихаттау, дәріптеу негізі ұстанмдарының бірі. Аталмыш шараға Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы арнайы қатысып, жиналған жамағатқа құттықтау сөзін айтып, бата берді. Бәйге десе, делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген жүйріктерін үкілеп қосты. Бұл жолы жиырма шақты жүйрік тай бәйгеге қатысты. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуы мен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті. Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге арнайы сыйлықтар табысталды. Тай жарысы ұлттық ат спортын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттап, жастарадың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.



