preloader

Жаңалықтар

«Шарапатты Рамазан»: Жаңа мешіттің ашылуында 100 кәдесый үлестірілді

«Шарапатты Рамазан»: Жаңа мешіттің ашылуында 100 кәдесый үлестірілді

Алматы облысына қарасты Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жаңа мешіт ашылды. «Шарапатты Рамазан» жобасы аясында «Қоңқабайұлы Жусы» мешітінің ашылу салтанатына келген жамағатқа ерекше сыйлық жасалды.

«Қоңқабайұлы Жусы» мешітін салдырған азаматтардың қолдауымен «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы 100 адамға жайнамаз, зәм-зәм суы және құрма салынған кәдесыйларды үлестіріп берді.