preloader

Жаңалықтар

Жаңадәуір ықшамауданындағы «Айтақын ата» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында рухани кездесу өтті

Жаңадәуір ықшамауданындағы «Айтақын ата» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында рухани кездесу өтті

2025 жылдың 1 ақпанында Алатау қаласы, Жаңадәуір ықшамауданындағы «Айтақын ата» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында рухани кездесу өтті. Шараны Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі Алия Машрапқызы ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушыларға Шағбан айының қасиеті мен ерекшеліктері жөнінде пайдалы мәліметтер ұсынылды. Шара рухани сұхбат, пайдалы кеңестер және қатысушылардың өзара пікір алмасуымен өрбіді. Жамағат Шағбан айының мәні мен маңызын терең түсініп, діни білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Осындай мазмұнды кездесулер әйел-қыздар жамағатының рухани дамуына септігін тигізіп, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуда.