“ЖАҚСЫ КІТАП ЖАН АЗЫҒЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ИГІ ШАРА ӨТТІ
Алатау қаласы, Ынтымақ ықшам ауданы, “Биләл ибн Раббах” мешітінің ұйымдастыруымен әйел- қыздары шәкірттерінің арасында “Жақсы кітап жан азығы” тақырыбында игі шара өтті.
Шараны “Биләл ибн Раббах” мешітінің имамы Еркебұлан Ерболатұлы құранмен ашты. Шара барысында Алатау қаласының әйел- қыздар секторы ұстаз Бақытнұр Төлеуқызы “Исламдағы бала тәрбиесі” кітабынан тереңірек түсіндіріп, ең құнды қасиет Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезі екенін жамағатпен талқылады.
Ынтымақ ықшам ауданы “Биләл ибн Раббах” мешітінің ұстазы Ақбаева Гүлжанат “Исламдағы бала тәрбиесі “ кітабы бойынша балаға берілу керек тәрбие, мінез, әдет тағы басқа тың ақпараттармен бөлісті. Шара соңында кітап талқының мазмұны ашылып, шәкірттер ризашылықтарын білдірді. Келесі кітапқа таңдау жасалынып, берекелі отырыс марапаттау рәсімімен аяқталды.



