preloader

Жаңалықтар

«ЖАҚСЫЛЫҚ» ЖАСТАР ТОБЫ «ЖАНҰЯ» БАЛАЛАР ҮЙІН ЕКІНШІ РЕТ ЗИЯРАТ ЕТТІ

«ЖАҚСЫЛЫҚ» ЖАСТАР ТОБЫ «ЖАНҰЯ» БАЛАЛАР ҮЙІН ЕКІНШІ РЕТ ЗИЯРАТ ЕТТІ

ЖІБЕК ЖОЛЫ округінің имамдары және “Жақсылық” ерікті жастар тобы “Жанұя” балалар үйіне барып балаларды қуантты.

Мешіт имамыдары бастаған топпен жетпіс бес балаға аяқ киім, ойыншықтар сыйлап, жиырма бес балаға сөмке таратылды.
іс-шарада балаларға көңілді ойындар ойнатылып, аниматорлар өз өнерлерін көрсетіп, домбыра тартып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Белсенді балаларға сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ «Жанұя» балалар үйінің өнерлі жеткіншектерінің қойылымдарын тамашалап оларға ерекше сый сияпат жасалды.
Бұл ерікті топпен “Алтын ұя” қарттар үйінен кейінгі жасылынған екінші шара.
Жалындаған жастар осындай жақсы істер жасау арқылы елімізді көркейтуге атсалысып, кіші қадамдармен ұлы мақсаттарға жол саламыз және мейірімділік пен ізгілікті қатар ұстаймыз деген ұранмен алға мақсаттар қойғанын жеткізді.
Ұйымдастырушы Алматы облысы бойынша жастар ісі секторының жауапты маманы Құдайберген Шохан.