preloader

Жаңалықтар

Жат ағымнан сақтандыру түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жат ағымнан сақтандыру түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Балқаш ауданы:
Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің наиб имамы Досымбаев Азат Балқаш аудандық спорт кешенінде жаттығып жүрген аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жеңімпаз спортшылармен «Жат ағымнан сақтану!» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында наиб имам жеңімпаздарға пайдалы насихат айтып, дұрыс бағыт-бағдар берді. Ол қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жоққа шығаратын діни ағымдардан сақ болуға шақырып, деструктивті ағымдардың негізгі белгілері мен олардан сақтану тәсілдеріне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар әлеуметтік желіні тиімді пайдалану туралы кеңестер беріп, кітап оқудың маңыздылығын ерекше атап өтті.