ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫ: МҰҚТАЖ ОТБАСЫНЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ОРНАТЫЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, Үшкемпірұлы Жақсылық мешітінің имамы Шохан Құдайбергенұлының ұйытқы болуымен, ауыл тұрғыны Меруерт Болатбекқызының үйіне демеушілердің арқасында көгілдір отын кіргізілді. Меруерт Ердаулетова мен балаларының қуанышында шек жоқ. Осы игі іске атсалысқан барша жандарға өз ризашылығын білдірді.
Ислам діні жеке адамның пайдасы үшін емес, қоғамның пайдасы үшін түскен. Сондықтан Алла Тағала бір-бірімізге қарайласып жүруді бұйырған. Сондықтан араларымыздағы қарапайым отбасыларға қарайласып, мұқтаж жандар көмек беріп, бауырмал болайық!