preloader

Жаңалықтар

ЖОЛАУШЫЛАРҒА АУЫЗАШАР ТАРАТЫЛДЫ

ЖОЛАУШЫЛАРҒА АУЫЗАШАР ТАРАТЫЛДЫ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жолаушыларға ауызашар таратылды. Кейде кептелістің салдарынан жолда ауыз ашуға мәжбүр болатын тұрғындар бар. Осындай жайттарды ескерген мешіт ұжымы құрма мен судан тұратын қосындыны жолдағы жолаушыларға таратты. Тұрғындар ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Рамазан айы – мейірім мен қайырымдылық, кішіпейілділік пен кешірім айы екенін ескерсек бұл шараның көпшілікке үлгі екені сөзсіз .