preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: Жолда қалған азаматтарға көмек көрсетілді

Жамбыл ауданы: Жолда қалған азаматтарға көмек көрсетілді

14.12.2023 күні Алматы — Бішкек тас жолында қарлы боран салдарынан жолда қалған 3 автобустың жолаушылары Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің жанындағы медресеге орналастырылды.

Дін қызметкерлерінің және еріктілердің көмегімен Қырғызстан елінің 93 азаматы кешкі және жылы төсекпен қамтамасыз етілді.

Бүгін оларға таңғы ас және жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, түскі асы берілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жандарға көмек дер кезінде көрсетілді.

Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы бастаған мешіт ұжымы кезекшілік жасап, қонақтардың жай-күйімен танысып отыр.

Жолдың жабық болуына байланысты осы түні де қонақтар «Шынасыл» мешітінің медресесінде қонатын болады.