preloader

Жаңалықтар

Жұмысты жандандыру тапсырылды

Жұмысты жандандыру тапсырылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай Алматы облысы имамдарының кезекті жиыны өтті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының төрағалық етуімен өткен жиналысқа Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының  имамдары қатысты.

Жиын барысында жұмыс бағыттары бойынша жауапты дін қызметкерлері құжаттарды рәсімдеудің тәртібін түсіндіріп, осы жылғы есеп беру үлгілерімен таныстырды.

Мадияр қажы Тағайбайұлы дәстүрлі бес бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын шараларды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін ескертіп, жұмысты жандандыруды тапсырды.