preloader

Жаңалықтар

Әйел-қыздар секторы: «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдермен кездесу өтті

Әйел-қыздар секторы: «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдермен кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Алматы облысы бойынша жетекшісі Назерке Әкішқызы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдермен кездесті.

Түзету мекемесінде өткен кездесу барысында Назерке Әкішқызы жазасын өтеуші азаматшаларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, рухани қолдау білдірді. Осыдан кейін арнайы психологиялық жұмыс жүргізілді.