preloader

Жаңалықтар

«Зират пен зиярат» атты семинар ұйымдастырылды

«Зират пен зиярат» атты семинар ұйымдастырылды

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Талғар ауданында «Зират пен зиярат» атты семинар ұйымдастырылды.

«Ізгі қоғам» бағыты бойынша жауапты дін қызметкері Дархан Аманұлы имамдардың ІV республикалық форумында қабылданған «Зират және зиярат мәдениеті» құжатының маңыздылығын түсіндіріп, семинарға қатысушы имамдарды қабірлерді тұрғызудың және оларды зиярат етудің әдебін халық арасында кеңінен насихаттауға шақырды.