preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданында маңызды рухани-танымдық семинарлар өтті

Қарасай ауданында маңызды рухани-танымдық семинарлар өтті

Қарасай ауданында қоғамның рухани дамуы мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған екі бірдей маңызды семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Алғашқы семинар Қырғауылды ауылындағы Халифа қажы Алтай мешітінде «Әйел – адал қоғамның тірегі» тақырыбында өтті. Іс-шара барысында әйел адамның қоғамдағы орны, отбасының берекесі мен ұйытқысы ретіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға тағылымды насихатты Сағымбек Балжан ұстаз бен Таласқызы Назерке ұстаз жеткізіп, отбасы тәрбиесі мен әйелдің жауапкершілігі жайында мазмұнды ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Жандосов ауылындағы Орынбет мешітінде «Қыз бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты семинар ұйымдастырылды. Бұл кездесуде қыз баланың тәрбиесі, инабаттылық, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Семинарды Ғажап Жайнагүл ұстаз бен Төлеубек Сандуғаш ұстаз жүргізіп, қатысушыларға маңызды әрі пайдалы ақпарат ұсынды.

Жалпы, аталған семинарларға 100-ге жуық жамағат қатысып, рухани әрі тәрбиелік маңызы зор мәліметтер алды. Мұндай игі шаралар қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететіні сөзсіз.