Алматы облысының бас имамы Қарасай ауданының әкімімен кездесті
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққажаұлы Естеновпен ресми кездесу өткізді. Басқосу барысында өңірдегі рухани ахуал, діни тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі және әлеуметтік жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу кезінде тараптар қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жолында діни институттар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара байланысының маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, жас ұрпақты имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.
Тараптар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты нығайтып, халық игілігі жолында жүйелі жұмыстар атқаруға дайын екендерін жеткізді.
Береке мен бірлікке негізделген бұл кездесу алдағы игі бастамалардың бастауы болмақ.



