«Күшіміз – бірлікте» атты кездесу өтті
«Ислам және адал қоғам жылы» аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарасай аудандық филиалының өкілдерімен «Күшіміз – бірлікте» атты кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Ассамблея өкілдері, дін қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту, сондай-ақ рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында сөз алған бас имам бірлік пен ынтымақтың ел дамуы жолындағы басты құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, діни және қоғамдық институттардың өзара үйлесімді жұмысы қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға негіз болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, қатысушылар жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды насихаттау және түрлі әлеуметтік бастамаларды бірлесе жүзеге асыру бағытында пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі арттырып, ел бірлігін нығайту жолында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.


