preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында дін қызметкерлеріне арналған «Пәтуа сағаты» семинары өтті

Талғар ауданында дін қызметкерлеріне арналған «Пәтуа сағаты» семинары өтті

 

ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Талғар ауданында дін қызметкерлеріне арналған «Пәтуа сағаты» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан көлеміндегі 40-қа жуық дін қызметкері қатысты.

Кездесу барысында мешіттерде «Пәтуа сағаты» танымдық кездесулерін тұрақты түрде өткізу мәселесі кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, әр мешітте аптасына кемінде бір рет «Пәтуа сағатын» ұйымдастырып, жамағатқа ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Пәтуа сағаты» еңбектерін таныстыру қажеттігі айтылды.

Семинар барысында жамағатты Ханафи мәзһабы негізінде дұрыс құлшылық жасауға баулу, діни сауаттылықты арттыру және бірізділік қағидаларын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын соңында қатысушыларға аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылып, қоғамдағы рухани тұрақтылық пен ел бірлігін нығайтудағы мұндай бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.