Алматы облысында XV республикалық Құран байқауының облыстық іріктеу кезеңі мәресіне жетті
ҚМДБ Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық Құран байқауының облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан рухани сайысқа өңірдің әр аймағынан келген қари және қарилыққа талаптанған шәкірттер қатысып, қасиетті Құранды жатқа оқу мен көркем мақамда мәнерлеп оқудан бақ сынады.
Салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Құран жарысының маңыздылығына тоқталып, жастарды қасиетті Құранды үйренуге және оны өмірлік ұстаным етуге шақырды.
Әділқазылар алқасының құрамында ҚМДБ, Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, “Нұр-Мүбарак” Египет ислам университетінің оқытушысы Мансұр қари Инаятулла, “Нұр-Мүбарак” Египет ислам университетінің аға оқытушысы Абдухалық қари Абдумажитұлы, Іле ауданы, “Арын қажы” мешітінің ұстазы Хусниддин қари Акбарұлы төрелік етті.
Байқауға арнайы келген қонақтар қатарында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ақылбекұлы және Алматы облысы, Қонаев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралбаев Базарбай Бүркітбайұлы болды.
Жалпы саны 110 қатысушы қатысқан байқау бірнеше бағыт бойынша өткізілді.
Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:
І орын – Байтүгел Айсұлтан Нұржанұлы
ІІ орын – Тантақ Берік Асқарұлы
ІІІ орын – Иманов Мұхаммед Абдукаримұлы
10 пара жаттау бойынша:
І орын – Амантай Мұхаммед-Юсуф Нұрасұлұлы
ІІ орын – Сүлеймен Ералы Қанатұлы
ІІІ орын – Тұражанов Нұрислам Фархадұлы
20 пара жаттау бойынша:
І орын – Нұртұғанұлы Мекке
ІІ орын – Мырзахмет Махмұт
ІІІ орын – Арипжанов Эмиршах Вахидович
Құран Кәрімді толық жатқа оқу бойынша:
І орын – Абдилазиз Абдулбақи Савронбекұлы
ІІ орын – Бөрібаев Алиби Ғабитұлы
ІІІ орын – Кенешбай Жұмағали Нұралыұлы
Игі шара соңында жеңімпаздар арнайы марапатталып, алдағы республикалық кезеңге жолдама алды. Рухани сайыс қатысушыларға ерекше серпін беріп, қасиетті Құранға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыра түсті.


