preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында «Әке – отбасының тірегі» атты кездесу өтті

Райымбек ауданында «Әке – отбасының тірегі» атты кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігінің «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Райымбек ауданы, Жамбыл ауылындағы «Жәзілбек молда» мешітінде «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу және дөңгелек үстел өтті.

Рухани басқосуға мешіт имамы Сейілхан Садық, ауыл ақсақалдары, әкелер мен аналар қатысып, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу барысында ауыл имамы Сейілхан Садық шариғаттағы және қазақ дәстүріндегі әкенің орны, отбасы алдындағы жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі рөлі мен қадір-қасиеті жайында мазмұнды насихат айтты. Сондай-ақ ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында қатысушылар да өз ой-пікірлерін ортаға салып, отбасы бірлігі мен тәрбиенің қоғамдағы орны жөнінде тағылымды әңгімелер өрбітті. Әкелер атынан Ақбаев Медғат сөз сөйлеп, ұрпаққа өнегелі тәрбие беру – әрбір ата-ананың басты міндеті екенін атап өтті.