preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру семинары өтті

Райымбек ауданында ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру семинары өтті

ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша 2026 жылдың 19 мамыр күні Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде ауыл имамдарына арналған «Құран оқу және қайталау» білім жетілдіру курсы бойынша семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинар ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Бухарбековтың ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — ауыл имамдарының діни білімдерін жетілдіру, Құран оқу машықтарын дамыту және діни қызметтегі кәсіби біліктіліктерін арттыру.

Семинар барысында қатысушылар Құранды дұрыс оқу, тәжуид қағидаларын жетілдіру, қайталау әдістері және діни қызмет барысында қажетті білім бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, имамдардың рухани ізденісін арттыру мен бірлікті нығайту мәселелері де сөз болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл имамдарының білімін тұрақты түрде жетілдіруге бағытталған мұндай сабақ-семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Семинар соңында ауыл имамдары ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлына алғыстарын білдіріп, игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.