preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында «Аталар мектебі» аясында жылы жүздесу мәжілісі өтті

Талғар ауданында «Аталар мектебі» аясында жылы жүздесу мәжілісі өтті

Алматы облысы өкілдігіне қарасты Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында «Аталар мектебі» аясында ақсақалдардың тағылымды мәжілісі өтті. Жиын ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылып, «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбы аясында өрбіді. Іс-шара барысында Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы Ислам дініндегі адал еңбек пен әділ кәсіптің маңыздылығына тоқталып, еңбек қарым-қатынасындағы адалдық қағидаларын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ дінімізде қоғаммен әділ әрі дұрыс қарым-қатынас орнатуға негіз болатын муғамалат ілімінің орны мен маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Өз кезегінде Тұздыбастау ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқар Жабағиев ақсақал мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулердің қоғам үшін берері мол екенін атап өтті. Аудан бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты маман, Тұздыбастау ауылдық мешітінің имамы Нұржан Керімбекұлы жоспарлы жұмыстардың жүзеге асу барысы жөнінде ақпарат берді. Кездесу барысында мешіт жамағаты мен белсенді апа-әжелер де өз ой-пікірлерін ортаға салып, рухани тәрбие мен отбасы құндылықтарының маңызын сөз етті. Жиын соңында арнайы жайылған дастарқан басында марқұм болған ата-бабалар рухына Құран бағышталып, ақ бата жасалды.