Балқаш ауданында «Зекет және қайырымдылық қоры» тақырыбында семинар өтті
Алматы облысы Балқаш ауданында аудан имамдарына арналған «Зекет және қайырымдылық қоры» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды.
Аталған жиынға Алматы облысының наиб имамы Тұрысбек Иса Серғазыұлы арнайы қатысып, зекет пен қайырымдылықтың қоғамдағы маңызы, мұқтаж жандарға көмек көрсетудің сауапты іс екендігі және қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері жөнінде насихат айтты.
Сонымен қатар, Алматы облысы Балқаш ауданының бас имамы Нурдаулет Токанович Турежанов сөз сөйлеп, аудан көлемінде атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары мен имамдардың әлеуметтік бағыттағы қызметтеріне тоқталды.


