preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында имамдарға арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды

Балқаш ауданында имамдарға арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды

Алматы облысы Балқаш ауданының Бура ауылында дін қызметкерлеріне арналған арнайы «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға аудан мешіттерінің имамдары қатысты. Жиынды Алматы облысы Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Төкенұлы Төрежанов жүргізіп, қатысушыларға күнделікті діни қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша түсіндірме беріп, пәтуаларға қатысты шариғи негіздерді жан-жақты талқылады.

Кездесу барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жамағатпен жұмыс жүргізу, діни сауаттылықты арттыру және бірізділік қалыптастыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Мұндай басқосулар дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, халыққа сапалы әрі жүйелі діни қызмет көрсетуге ықпал етеді.