preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі, “Шариғат және пәтуа” бөлімінің маманы Үшқоңыр медресе-колледж студенттерімен кездесті

РАНТ мүшесі, “Шариғат және пәтуа” бөлімінің маманы Үшқоңыр медресе-колледж студенттерімен кездесті

Алматы облысы Қарасай ауданында діни қызметкерлердің қатысуымен бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында Үшқоңыр медресе-колледжінің ұлдар және қыздар бөлімінде білім алып жатқан шәкірттермен рухани кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Бауыржан Әбдуәлі қатысты.

Жиын барысында Үшқоңыр медресе-колледжінің директоры Мәди Тәттібаев келген қонақты студенттерге таныстырып, сөз кезегін ұсынды. Сондай-ақ Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы да кездесуге қатысып, қонақтар қатарында болды. Кездесу барысында ықылас, ниет, тақуалық және нәпсіні тәрбиелеу тақырыптары кеңінен қозғалып, шәкірттерге рухани тәрбие, ішкі жан дүниені тазарту және амалды тек Алла разылығы үшін орындаудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар білім жолындағы табандылық, ұстазға құрмет және дұрыс ниетпен ілім алудың берекесі жайлы насихат айтылды. Шәкірттер өз тарапынан сұрақтар қойып, қонақтармен еркін форматта пікір алмасты. Кездесу жастарға рухани серпіліс беріп, білімге деген ынталарын арттырған тағылымды жиын болды.

Аталған іс-шара діни-ағартушылық жұмыстардың маңызды бір бөлігі ретінде ұйымдастырылып, ұлдар және қыздар бөлімінде білім алып жатқан жастармен өткен рухани кездесу ретінде өтті.