preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша қасапшыларға арналған онлайн семинар өтті

Алматы облысы бойынша қасапшыларға арналған онлайн семинар өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алматы облысы бойынша қасапшыларға арналған арнайы онлайн семинар ұйымдастырылды. Аталған жиынның мақсаты – құрбан шалу рәсімін шариғат талаптарына және санитарлық нормаларға сай өткізу, қасапшылардың жауапкершілігін арттыру және бірізді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Онлайн семинарға Алматы облысындағы қасапшылық қызметпен айналысатын мамандар қатысып, ҚМДБ тарапынан берілген талаптар мен нұсқаулықтар кеңінен түсіндірілді.

Жиынды Алматы облысы бойынша «Халал Даму» бағытына жауапты маман Жұмабеков Жанабіл жүргізіп, Құрбан айт кезінде атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол қасапшыларға мал сою әдебі, шариғи талаптар, тазалық сақтау және халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында насихат айтты.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құрбандық шалу рәсімін жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері талқыланды.