Қарасай ауданында әйел-қыздар арасында Сира пәнінен білім жарысы өтті
Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін насихаттау және қыз-келіншектердің діни білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қарасай ауданына қарасты Жібек Жолы ауылындағы Үшкемпірұлы Жақсылық мешіті мешітінде әйел-қыздар арасында Сира пәнінен білім жарысы ұйымдастырылды.
Аталған сайысқа дейін жамағат арасында бір ай көлемінде онлайн дайындық сабақтары жүргізіліп, қатысушылар Пайғамбарымыздың ﷺ өмір жолын тереңірек танып-білуге ерекше дайындық жасады. Әрбір қатысушы бар ынта-жігерімен дайындалып, білімін шыңдауға күш салды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 5 орын анықталып, жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барысында қатысушылар Пайғамбарымыздың ﷺ көркем мінезі мен өнегелі ғұмырынан тағылым алып, сира ілімінің маңызын терең түсінді. Мұндай білім сайыстары әйел-қыздардың рухани дамуына серпін беріп, ілімге деген ықыласын арттыруға үлкен үлес қосуда.


