preloader

Жаңалықтар

БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІККЕ БАСТАҒАН АЙТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІККЕ БАСТАҒАН АЙТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Алатау қаласында айттық мәдениетті насихаттауға бағытталған тағылымды кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында дін қызметкерлері мен ақсақалдар түрлі ұлт өкілдерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ел тыныштығы, ынтымақ пен бірлік жайлы кеңінен әңгіме өрбіп, ақ баталар берілді. Сондай-ақ, халқымыздың ежелден келе жатқан айттау дәстүрінің маңызы насихатталып, көршілік сыйластық пен татулықты нығайту мәселелері айтылды.

Мұндай игі шаралар қоғамдағы ауызбіршілік пен ұлттар арасындағы достықты арттыруға өз үлесін қосуда.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға береке-бірлік нәсіп етсін!
Айт мерекесі құтты болсын!