preloader

Жаңалықтар

Құрбан айтта 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Құрбан айтта 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Алматы облысы, Алатау қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай кең көлемді қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі іс аясында мұқтаж жандарға, аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы және жалғыз басты аналарға 100 азық-түлік себеті таратылды.
Қайырымдылық шарасына Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қатысып, жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады. Өз сөзінде бас имам Құрбан айттың татулық пен жанашырлықты дәріптейтін ұлық мейрам екенін атап өтіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты іс екенін жеткізді.
Сондай-ақ аталған игі шараның жүзеге асуына Алатау қаласына қарасты Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ және Заречный шағынаудандары мешіттерінің имамдары белсенді атсалысып, қайырымдылық жұмыстарына үлес қосты.
Шара соңында тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығына дұға жасалды.