1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасы өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облысы, Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараның мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік тұрғыдан қолдауға мұқтаж отбасыларға қамқорлық танытып, балалар мерекесі қарсаңында олардың көңіліне қуаныш сыйлау.
Шара аясында Талғар қаласындағы көпбалалы отбасыларға, ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұяларға, жалғызбасты аналарға және көпбалалы дін қызметкерлерінің отбасыларына азық-түлік себеттері таратылды.
Мешіт ұжымы қайырымдылық пен жанашырлық – Ислам дінінің асыл құндылықтарының бірі екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Балалардың жарқын болашағы мен отбасылардың амандығы үшін жасалған бұл шара қатысушылардың алғысына ие болып, мерекелік көңіл-күй сыйлады


