preloader

Жаңалықтар

«Айттық» ғұрпын жаңғырту – ұлттық құндылықты сақтау

«Айттық» ғұрпын жаңғырту – ұлттық құндылықты сақтау

Құрбан айт мерекесі – тек құрбандық шалумен шектелмейтін, иман мен мейірімділікке үндейтін ұлы күн. Осы мерекенің ең ізгі дәстүрлерінің бірі – «Айттық» айту. Бұл ата-бабадан қалған, қазақ қоғамында әдет-ғұрыпқа айналған асыл амал.

«Айттық» мәдениетін насихаттау және жаңғырту мақсатында жамағат өкілдері мен имамдар ауыл қариялары мен мешітке келуші үлкен кісілердің шаңырағына арнайы барып, оларды «Құрбан айт» мерекесімен құттықтады. Үй иелеріне ақ бата беріліп, марқұм болған туыстарына Құран бағышталды.
Бұл игі дәстүр ұрпақтар арасындағы алтын көпір іспетті. Кішіге үлкенді сыйлауды, үлкенге құрмет көрсетуді үйретеді. Қазіргі қарбалас заманда «үй-үйге айттап бару» дәстүрі ұмыт бола бастаған. Сондықтан оны қайта жандандыру – рухани жаңғырудың нақты қадамы.
Айттың нағыз мәні – туыстық қарым-қатынасты нығайту, сауапқа кенелу. «Айттық» айту арқылы біз тек мереке құттықтап қана қоймай, ата-бабамыздың аманатын, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу амалы.
Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етсін!