preloader

Жаңалықтар

Алатау қаласында құдық уақып етілді.

Алатау қаласында құдық уақып етілді.

Алматы облысы, Алатау қаласының Арна шағын ауданында демеушілердің қолдауымен құдық уақып етілді.
Аталған игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырған 35 000 тал егу акциясының жалғасы ретінде жүзеге асты. Бұған дейін осы аумақта ағаш көшеттері отырғызылып, саябақ абаттандырылған болатын. Енді саябаққа келушілер мен тұрғындардың игілігі үшін құдық орнатылып, уақып ретінде халыққа ұсынылды.
Құдықтың ашылу салтанатына Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Алатау қаласы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Түрік, күрд және әзірбайжан диаспораларының жетекшісі Али Паша Гасанов, дін қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында сөз сөйлеген Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы исламдағы уақыптың орны мен маңызына тоқталып, халық игілігіне арналған мұндай қайырымдылық жобалардың сауабы үзілмейтін садақа-жария екенін атап өтті. Сондай-ақ ол қоғам игілігі үшін жасалған әрбір ізгі істің ел бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге қызмет ететінін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар құдықтың ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдіріп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.