preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында қайырымдылық дүкені ашылды

Іле ауданында қайырымдылық дүкені ашылды

 

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылындағы «Маметалы» мешітінің ауласынан қайырымдылық дүкені ашылды.

Игі бастаманың ашылу рәсіміне Іле аудандық «Сәбенұлы Өтеген батыр» мешітінің бас имамы Талғат Абайұлы арнайы қатысып, жиналған қауымға ақ тілегін жеткізіп, қайырымдылық шарасының берекелі болуына дұға жасады.

Қайырымдылық дүкенінің негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету. Дүкенге келушілер өздеріне қажетті киім-кешек пен тұрмыстық заттарды тегін алып, игіліктеріне пайдалана алады.

Алғашқы келушілер бұл игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, қажетті заттарын алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Аталған жоба қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамытуға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Осындай сауапты іс көптеген отбасының қажетін өтеуге себепші болып, ел игілігіне қызмет ете бермек.