preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа елімізден аттанған майдангерлер мен хабар-ошарсыз кеткен боздақтардың рухына Құран бағышталды

Алматы облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа елімізден аттанған майдангерлер мен хабар-ошарсыз кеткен боздақтардың рухына Құран бағышталды

Алматы облыстық Қапшағай орталық мешітінде бесін намазы уақытында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғауға аттанған майдангерлер мен хабар-ошарсыз кеткен боздақтардың рухына арнайы Құран бағыштау рәсімі өтті. Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жамағатпен бірге марқұмдардың рухына дұға жасады. Бас имам өз сөзінде Отан үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігі мен елге сіңірген еңбегін ұлықтау – кейінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ майдан даласында қаза тауып, туған жеріне оралмаған боздақтарды еске алу, олардың рухына дұға бағыштау – халқымыздың тағылымды дәстүрінің бірі екеніне тоқталды. Құран аяттары оқылып, еліміздің тыныштығы мен бірлігі, халқымыздың амандығы үшін дұға жасалды.