preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облысы Қарасай ауданында «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында аудандық Ақсақалдар алқасының мүшелерімен рухани кездесу өтті.

Іс-шараға Алматы облыстық Қапшағай мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарасай аудандық филиалының төрағасы Сағат Ұлтарақұлы Мәсімақынов және ауданның бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қатысты.

Кездесуде Мейрамбек Ақылбекұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында айқындалған басым бағыттар аясында баяндама жасап, той мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау мәселелеріне тоқталды. Өз кезегінде Сағат Ұлтарақұлы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпаққа өнегелі тәрбие берудегі ақсақалдардың рөлін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар тойды ұлттық тәрбие мен берекенің ордасына айналдыру, ысырапшылдық пен орынсыз бәсекелестікке жол бермеу жөнінде пікір алмасты.