preloader

Жаңалықтар

«Әйел – адал қоғамның тірегі» атты форум өтті

«Әйел – адал қоғамның тірегі» атты форум өтті

15 мамыр 2026 күні Алматы облысы “Әйел – қыздар” секторының жетекшісі Назерке Әкішқызының бастамасымен “Әйел – адал қоғамның тірегі” атты форум болып өтті.

Шара “Ислам және адал қоғам” жылы аясында өтіп, шараға Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, рухани ұстаз Құралай Жарбол тағы басқа қонақтар, аудандық “әжелер” мектебінің мүшелері қатысты.

Шара “Ж.Жабаев” мұражайын зиярат етумен басталды. Ақын, жыршы Ж.Жабаевтің жеке өмірімен, туындыларымен танысты.

Ары қарай Қарақыстақ ауылында орналасқан “Сүйінбай Аронұлы” – ның өмірін негізге алған мұражайдың тыныс-тіршілігімен танысып, ақынның мол мұрасына қол жеткізді.

Шара соңында “Ислам және адал қоғам” жылы аясында “Әйел – адал қоғам негізі” тақырыбы аясында форумға ұласты.