preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы «Рахымберген қажы» мешітінде жамағатқа арналған халал тақырыбында танымдық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – тұрғындардың халал өнімдерге қатысты сауаттылығын арттыру, шариғат талаптарына сай адал өнімдерді тұтынудың маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде халал қағидаттарын ұстануды насихаттау.

Жиын барысында халал мен харам ұғымдары, азық-түлік өнімдерінің шариғат талаптарына сәйкестігі, халал сертификаттаудың маңыздылығы және өнім таңдауда ескерілуі тиіс негізгі талаптар жөнінде түсіндірме жұмыстары өтті. Семинарды «Халал Даму» ұйымының жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков жүргізіп, қатысушыларға халал талаптарының мәні мен маңызын түсіндірді. Сондай-ақ күнделікті тұтынатын өнімдердің құрамына мән беру және халал өнімдерді дұрыс ажырату мәселелеріне тоқталды.

Аталған семинар жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, адал ас тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және халал талаптары жөніндегі түсінігін кеңейтуге бағытталды.